Жалпы, кейбір гранттық өтінімдерде көрсетілген ерекше жағдайларды қоспағанда, қор жеке тұлғаларды емдеуге, әлеуметтік маңызы бар өнімдер мен коммуналдық ресурстарды сатып алуға немесе жеке және заңды тұлғаларға несие төлеуге грант бере алмайды.
Біздің қаржыландырудың көп бөлігі іргелі сипатқа ие және ауылдық округтердегі шағын және орта бизнесті дамыту арқылы проблемаларды жүйелі шешуге бағытталған.
Сіз Қордың құжаттарымен және жобалардың аяқталуына қарай қаражаттың қозғалысы туралы есептермен таныса аласыз. Қор донорлардан қаражатты қолма-қол ақшасыз нысанда қордың банктік шоттарына алады. Түпкілікті/соңғы бенефициарларға көмек негізінен тауарлар мен қызметтер түрінде ұсынылады. Егер көмек төлемдер түрінде ұсынылса, онда ол негізінен соңғы көмек алушылардың банктік шоттарына ұсынылуы керек.
Кейбір жағдайларда көмек қордан алынған қаражатқа жобаны/даму бағдарламасын іске асыратын серіктестердің және/немесе мемлекеттік органдардың (немесе олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының) банктік шоттарына қолма-қол ақшасыз төлемдер түрінде берілуі мүмкін.